Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 51-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қарасай аудандық Әділет басқармасында 09.11.2009 жылы мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-11-75 болып енгізілген Қарасай аудандық мәслихатының 20.10.2009 жылғы „Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы” № 32-8 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс 36-шы
сессиясының төрағасы Эм Л.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ахметов М.
Қарасай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 36-3
„Қарасай ауданы аумағында бекітілген
базалық ставкалар шегінде бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын белгілеу
туралы” шешіміне қосымша
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бір объектіге төленетін салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіште) |
---|---|---|
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары |
6 |
2 |
Бірден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары |
10 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
3 |
4 |
Ойын жолы |
25 |
5 |
Қарта |
4 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ахметов М.