"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2011 жылғы 10 наурыздағы № 51-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-11-101 тіркелген, 2011 жылдың 7 мамырында аудандық "Заман жаршысы" газетінде жарияланған);
"Қарасай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3936 тіркелген, 2016 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық "Заман жаршысы" газетінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Айнабеков |
Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Көшкімбаев |