Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық округі әкімінің 14.12.2011 N 12 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, және Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 19 қазандағы № 10 ұсынысының негізінде, Қарашоқы ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылынан мүйізді ірі қара малынан «құтыру» ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарашоқы ауыл округі әкімі аппаратының бас маман ветеринариялық мал дәрігері Бакберген Турсынбаевич Карибаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарашоқы ауыл
округінің әкімі А. Нұрғалым