Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 наурыздағы N 84 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 наурызда N 2-17-97 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы N 462 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2011.12.13 N 462 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4)-тармақшасына18-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі-әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. N 1 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі және N 2 қосымшадағы халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың тізбесі бекітілсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылсын (бұдан әрі-жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастырушы - уәкілетті орган болып "Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін (О.Тертюбаев). Әлеуметтік жұмыс орнын құрған жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырсын. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін уәкілетті орган айқындасын.
      5. Қаржыландыру жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ең төменгі айлық еңбекақы көлемінде жұмыссыздардың есеп шотына аударылсын.
      6. Сарқан ауданы әділет басқармасының 2007 жылғы 27 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-17-37 нөмірмен тіркелген, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 81 қаулысының күші жойылсын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               Ә. Жақанбаев

Сарқан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 05 наурыздағы
N 84 қаулысына
N 1-қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің жұмыссыздарға еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.
      2. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтағы азамат жұмыс берушімен еңбек шартына отырады. Еңбек шарттары Қазақстан Республикасының "Еңбек Кодекісіне" сәйкес жасалады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу және ұйымдастыру төменгідей белгіленеді:
      1) әлеуметтік жұмыс орны уақытша мерзімге арналған, ол жұмыс берушілер үшін тұрақты және бос жұмыс орны болып саналмайды.
      2) жұмыс берушінің жұмыс уақытын толық емес жұмыс күніне ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
      3) әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері көрсетіледі.

Сарқан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 05 наурыздағы
N 84 қаулысына
N 2-қосымша

Халықтың нысаналы топтарға кіретін адамдардың тізбесі

      1.Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3.Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11.Жұмыс беруші- заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      12. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).
      13. Елу жастан асқан адамдар.
      14. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды бітірген жұмыссыздар.
      16.Жұмыстан жаппай босатылғандар.
      17. Өткен оқу жылдарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады