Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі N 09-310 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 13 қазанда N 2-19-121 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 маусымдағы N 06-195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 10.06.2014 N 06-195 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі-мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі-үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
      2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына тоқсандағы өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және ПМПК-ның қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді.
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
      Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.
      4. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турсунжан Турдыбакиевке тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:
      1) өтініш.
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі.
      3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі.
      6) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы.
      7) оқу орнының үйде оқыту жөніндегі анықтамасы.
      Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модиновичке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұйғыр ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Турдыбакиев Турсунжан
      15 қыркүйек 2011 жыл

      "Ұйғыр аудандық экономика,
      бюджеттік жоспарлау және
      кәсіпкерлік бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Исмаилов Мырзалим Муталимович
      15 қыркүйек 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады