Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 - бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-90 болып тіркелген, 2009 жылдың 22 мамырында № 40 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тараз қалалық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Б. Сергеев |
Тараз қалалық мәслихатының хатшысы | Ө. Байшығашев |
Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 43-5 шешіміне қосымша Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 18 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 7 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 6 |