Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 14.03.2018 № 29-9 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен).
Ескерту. Тақырыпқа және бүкіл мәтін бойынша:
"ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 12.08.2015 № 42-4 шешімімен (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі шешімімен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тараз қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тараз қалалық мәслихатының "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған белгіленген жиынтық салықтың және акциздің мөлшерлемелерінің белгілеу туралы" 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 28-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-52 болып тіркелген, 2007 жылдың 8 мамырында № 36 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың | Қалалық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Б. Нарбаев | Ө. Байшығашев |
Тараз қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011.10.12 № 43-5 (01.01.2012 қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 18 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 7 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 6 |