"Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы N 43-5 шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 4 қарашада 6-1-135 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 - бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-90 болып тіркелген, 2009 жылдың 22 мамырында № 40 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Б. Сергеев
      Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Ө. Байшығашев

  Тараз қалалық мәслихатының
2011 жылғы 12 қазандағы
№ 43-5 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2009 жылғы 28 сәуірдегі
№ 17-5 шешіміне қосымша

Бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4.

Ойын жолы

7

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады