Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 6-5 шешімімен
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2 тармағына және 311- бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берiлiп отырған Мойынқұм ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Е.Ошақбаев Ш. Исабеков
Мойынқұм аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 36-9 шешімімен бекітілген
Мойынқұм аудан елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау
Ережелерi 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Мойынқұм ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттердi ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленген.
2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
3. Осы Ережелер "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
2-тарау. Иттердi және мысықтарды ұстау тәртiбi
4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
5. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала, облыс және республикадан тысқары, шығару, кiргiзу, олардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
6. Келесiлерге жол берiлмейдi:
1) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын алаңдарында серуендетуге;
2) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
3) мас күйiндегi тұлғалар мен 14 жасқа толмаған балаларға иттердi серуендетуге;
4) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
5) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
6) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
7) иттер мен мысықтарды оның терiсiн пайдалануға, етiн тұтынуға, өңдеу және сату үшiн оларды ұстауға немесе аулауға;
8) Мойынқұм ауданы аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi көздейтiн iс шаралардан басқа).
9) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланатын орындарында және жатақханаларында ұстауға.
7. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшаулау және бақылау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
8. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес және iзгiлiктi қарауда жүзеге асырылады.
9. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженiң талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат берiледi:
1) көппәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде iрi және орта тұқымды екi иттi және екi мысықты үш айға дейiнгi ұрпақтарын қоса ұстауға. (Жасы үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге беруiлуi тиiс. Күшiктер мен мысықтарды жаңа иелерiне беру жануардың ветеринариялық төлқұжатымен қоса жүзеге асырылады.);
2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер), тек өзiнiң жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса екi ит пен мысықтарды тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға.
3-тарау. Қорытынды ережелер
10. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес белгiленедi.