Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Балқашцветмет" Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесі мен Тоқырау өзені үшін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы N 09/10 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 сәуірде N 1891 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.10.2024 № 60/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.04.2019 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылсын:

      1) "Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      2) "Қарағанды облысының "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Балқашцветмет" Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      3) "Қарағанды облысының Тоқырау өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су объектісінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Қарағанды жер ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін.

      4. "Қарағанды облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық жер балансын жасаған кезде тиiстi өзгерістер енгізсін.

      5. Балқаш, Приозерск қалаларының әкімдері, Ақтоғай ауданының әкімі:

      1) заңнамалар талаптарына сәйкес су қорғау белдеулеріндегі жерді жобалық құжаттамаға сәйкес су қорының жеріне ауыстыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер иеленушілерге жеткізсін;

      3) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану тәртібін сақтасын;

      4) тиісті пайдалану тәртібін сақтау жағдайына орай су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылмауының алдын ала отырып, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заң шығару органына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын.

      6. Балқаш, Приозерск қалаларының және Ақтоғай ауданының әкімдері, олардың ведомстволық қарастылығына және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық нысандары басшылары пайдаланатын жерлердегі, Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде және Тоқырау өзенінде орналасқан су қорғау аймақтары және белдеулерінде:

      1) су қорғау аймақтары және белдеулерінде орналасқан және олардың жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды жою немесе шығару жұмыстарын бекітілген жобаларға сәйкес жүргізсін;

      2) шаруашылыққа пайдалану тәртібінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.

      7. Мемлекеттік уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өзінің құзіреттілігі шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуын, оларға белгіленген шаруашылық қызметінің тәртібін және ерекше қорғалатын су нысандарын бақылауды жүзеге асырсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.

      9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

Қарағанды облысының әкімі

С. Ахметов

КЕЛІСІЛДІ


Қазақстан Республикасы денсаулық


сақтау министрлігінің Қарағанды


облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-


эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің


директоры



Т.Н. Хамитов


      15 наурыз 2011 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

      бассейндік инспекциясының бастығы

А.М. Әлсейіт



      15 наурыз 2011 жыл

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 наурыздағы
N 09/10 қаулысына қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі және ерекше шарттары

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1 бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.04.2019 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      4. Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде және Тоқырау өзеніндегі су қорғау аймақтары мен жолақтары:

N р/с

Су нысаны

Су қорғау аймағының ұзындығы, метр

Су қорғау аймағының ұзындығы, метр

1

2

3

4

1

Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)

500-2300

35-100

2

Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады)

500-1300 (Жетімшоқы кенті 3500 метр төмендегі өзге учаске алқабының ұзындығын есепке ала отырып)

55-100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады