Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған LI сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 548 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 шілдеде N 8-1-135 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 қазандағы N 497 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 497 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мөлшері және автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. ІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2002 жылғы 23 қаңтардағы XXІІІ сессиясының "Базарлар, автотұрақтар, жанар-жағармай станциялары орналасқан жерлерге салық салу үшін базалық ставканы ұлғайту мөлшерін белгілеу туралы" N 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 21 ақпандағы N 653 болып тіркелген, 2002 жылғы 16 қарашадағы N 183-184 (19184) "Орталық Қазақстан" газетінде және 2002 жылғы 25 қазандағы N 183-185 (19734-19736) "Индустриальная Караганда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. Қарағанды қалалық мәслихатының 2002.01.23 N 8 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға (төрайымы Сания Нұртасқызы Боранқұлова) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV шақырылған
      Қарағанды қалалық мәслихатының
      кезекті LI сессия төрайымы                 Л. Айтмағамбетова

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Бексұлтанов

Қарағанды қалалық мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы N 548
шешіміне қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін ұлғайған базалық ставканы ескерумен автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

N

Автотұрақтардың (паркингтің) типтері

Автотұрақтардың (паркингтің) санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Қарағанды қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

Базалық ставканың ұлғайту мөлшері

Ұлғаю мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне базалық салық ставкасы

1

Ашық автотұрақтар, Қарағанды қаласында құрылыс салу ережесінің талаптарына сәйкес келмейді

1

9,65

10

96,5

2

Ашық автотұрақтар, Қарағанды қаласында құрылыс салу ережесінің талаптарына сәйкес келеді

2

9,65

7

67,55

3

Жер асты (шатырда спорттық немесе балалар ойын алаңшасы қондырғысымен)

3

9,65

5

48,25

4

Көп қабатты (жеке тұрған)

4

9,65

5

48,25

5

Қосалқы-жапсарлас салынған

5

9,65

5

48,25

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады