Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 9 сессиясының 2012.09.28 N 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.06.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ереже анықталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 9 сессиясының 2012.09.28 N 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 12 желтоқсанда туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы, | |
мәслихат хатшысы | Р. Бекбанов |
Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы 44 сессиясының N 676 шешімімен бекітілді |
Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету
көлемі мен тәртібі туралы
Ережесі
Осы Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегі ережесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес әзірленді, Саран қаласы мен Ақтас кентінің отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) алушы – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тұлға;
2) есеп - кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкі шығындарының төлеміне, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге, қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасымалдағышта, немесе қағаз тасымалдағышта тұрғын үй көмегін тағайындау мерзіміне берілетін құжат (түбіртек, хабарлама, анықтама);
3) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
4) Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2012.04.26 N 53 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5) Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгертілулеріне байланысы жоқ нақты және сапалық тозуын жою бойынша, қажеттілігі бойынша сындарлы элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерінің ауыстырылуымен, құрылыстық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені;
7) Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;8) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
10) өтініш беруші – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тұлға;
11) уәкілетті орган – "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
13) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға, олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2012.04.26 N 53 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2018 № 293 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.11.2019 № 462 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Шекті жол берілетін шығыстар деңгейі отбасының жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.02.2013 N 158 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2-тарау. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органдармен келесі тәртіпте беріледі:
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары отбасының әрбір мүшесіне ұсынылған тұрғын үй заңдар жинағымен бекітілген тұрғын үй нормаларына балама және бір бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы алаңы, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын бір адамға шаққанда он сегіз шаршы метрді құрайды. Жалғыз басты тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар, көп бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін алаңның әлеуметтік нормасы - қырық шаршы метр, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтардың басқа санаттары үшін әлеуметтік нормасы - отыз шаршы метр;
2) нақты шығындар бойынша бір адамның газды тұтыну нормасы - айына 10 килограмнан артық емес мөлшерде;
3) қатты отынды тұтыну:
1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 98 килограмм көмір;
жылыту маусымының ұзақтығы - 7 ай;
тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Саран қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;
4) нақты шығындар бойынша отбасына электр қуатын 150 киловаттан артық емес мөлшерде тұтыну;
5) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыс нормалары, қоқысты жою, басқару формасы қандай болса да (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және заңды басқару формасын ресімдеушілер), тарифті бекітетін орган немесе қызметті ұсынушылардың бекіткен тарифтері негізінде тағайындалады;
6) суық суды, кәрізді, жылуды тұтыну нормалары, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық өкілетті органдарда қолданатын (монополиялық қызмет) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (құнын) бекіткен кезде коммуналдық қызметті босату нормаларына эквивалентті. Тұрғын үй көмегін санау, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі органмен бекітілген, тариф негізінде жүргізіледі.
Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2012.04.26 № 53 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.11.2019 № 462 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.5. алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.02.2013 N 158 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Телекоммуникациялық қызметтер көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифтері соммасының өсуі, Қазақстан Республикасының Үкіметі орнатқан тәртіпте, өтемақыға жатқызылады.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Тұрғын үй көмегі өкілетті органмен, жеке тұлғаларға олардың тіркелген жері бойынша тағайындалады.
8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2012.04.26 N 53 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 9 сессиясының 2012.09.28 N 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Дау-жанжал туған жағдайда, немесе сәйкес келмейтін, келіспеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот арқылы шешіледі.
11. Тұрғын үй көмегі қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз үлгіде беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл ақшалай қаражаттарды қызметтерді жеткізушілердің есеп шоттарына аудару, сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқарушы органдардың есеп шоттарына (ағымдағы, жинақтаушы) аудару.
Тұрғын үй көмегінің сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің есеп шоттарына аудару мүмкін болмаған жағдайда, (кәсіпорынның таратылуы, қайта құрылу, банктік реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынды сатып алу төлемі, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің көтерілуіне байланыс қызметтері) ол өтініш беруші қызметтерін пайдаланушы басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе қолма-қол жолымен төленеді. Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді, берілген операция түрін азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аударуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, азаматтардың жеке шоттарына ақша аударылады. Жеке шотын ашу үшін өтініш беруші, екінші деңгейлі банкте, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған есеп шотын ұсынады. Тұрғын үй көмегін өткен айлық бюджеттік қаржы есебінен уәкілетті орган жүргізеді.
4-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтініш білдірген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.06.2014 № 347 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.13. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.06.2014 № 347 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.06.2014 № 347 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Тұрғын үй көмегін алушылар он күннің ішінде өз үйінің жеке меншік үлгісінің, отбасы құрамы және жиынтық табысы өзгеруінің қандайда жағдайлары туралы уәкілетті органдарға хабарлауы қажет.
Тұрғын үй көмегінің аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтаруға жатады.
16. Коммуналдық қызметтердің тарифтерін өзгерту кезінде, тарифтің өзгергені жайлы өкілетті органға құжатты ұсынған айдан бастап табиғи монополияларды реттеу жөніндегі өкілетті органның қайта бекіткен тарифі бойынша көмекті тағайындау жүргізіледі.
17. Көмекке құқылыларды анықтау кезінде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген тұлғалар (оқушылар, студенттер) есепке алынбайды.
5-тарау. Тұрғын үй көмегіне өтініш білдіру және есептеу тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Тұрғын үй көмегі Ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта жүгінген кезде осы Ереженің 18-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға шоттарды ғана ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18-3. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18-4. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18-5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қазанда № 21500 болып тіркелген) бекіткен, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-тармағының 3-тармақшасында және 12-тармағында көзделген мерзімдер мен тәртіпте тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.
Ескерту. Ереже 18-5 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 21.06.2018 № 293 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15.06.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.18-6. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
19. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
20. Өкілетті органға ұсынған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша, өтініш берушінің шамасына қарай, тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі.
21. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер туралы қажетті ақпарат сұрауға құқылы.
22. Коммуналдық қызметтер бойынша тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтерді көрсететіндер есептелген төлемдерді тұрғын үй көмегін тағайындау мерзімі ішінде қағаз немесе электронды түрде жібереді.
Ескерту. 22 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2012.04.26 N 53 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.