Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 9 сессиясының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 102 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қазанда N 1953 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулыларына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 676 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-129 болып тіркелген, 2011 жылы 30 желтоқсандағы N 53 "Саран газеті" газетінде жарияланған), Саран қалалық мәслихатының 2012 жылғы 26 сәуірдегі 4 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 676 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 53 шешімімен өзгертулер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-135 болып тіркелген, 2012 жылы 31 мамырдағы N 22 "Спутник" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) шешімнің тақырыбындағы "бекіту" сөзі "анықтау" сөзімен ауыстырылсын;

      2) шешімнің 1 тармағындағы "бекітілсін" сөзі "анықталсын" сөзіне ауыстырылсын;

      3) көрсетілген шешіммен бекітілген, Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ереженің 9 тармағы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В. Закамолкин

Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады