Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелді, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы "Саран газеті" газетінде № 53 болып жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен белгіленген Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережесінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) есеп - кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкі шығындарының төлеміне, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге, қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасымалдағышта, немесе қағаз тасымалдағышта тұрғын үй көмегін тағайындау мерзіміне берілетін құжат (түбіртек, хабарлама, анықтама);";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, отбасының (азаматының) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің, отбасының (азаматтың) айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға, олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Шекті жол берілетін шығысдар деңгейі отбасының жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар деңгейі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.
Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес, жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыс нормалары, қоқысты жою, басқару формасы қандай болса да (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және заңды басқару формасын ресімдеушілер), тарифті бекітетін орган немесе қызметті ұсынушылардың бекіткен тарифтері негізінде тағайындалады;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ю. Лютов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Баймағанбетов |