Дальний селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 05/03 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 сәуірде N 8-15-140 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы N 81/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 19.12.2014 N 81/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Дальний селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеулі іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" бұйрығының 7 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда N 2088 тіркелді) талаптарына сәйкес ірі қара мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осакаров ауданының Ауыл шаруашылық және ветеринария бөліміне жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотикалық ошақтың ветеринария-санитарлық салауаттығына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын – алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" бұйрығының 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көрсетілген ветеринариялық – санитарлық шараларды өткізуі қажет.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Оспанов Ғалым Хамиұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын – алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" бұйрығының 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көзделген шектеулі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Әбдікеров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің Осакаров
      аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
      Ғ.Х. Оспанов
      2011 жыл 1 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады