Сауда қызметінің субъектілеріне көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 2380 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 23 желтоқсанда N 10-1-199 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 4310 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.09.06 N 4310 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 38 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сауда қызметінің субъектілеріне көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар N 1 және 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Қалалық кәсіпкерлік бөлімі" (Қ.А. Ілиясов), "Қалалық ауыл
шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемелері (Қ.А. Ахметов) маусымдық,
сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып,
сатушылардың арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда орындарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
      3. "Қызылорда қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (А.Б. Бейсенбаев, келісім бойынша) белгіленген сауда орындарының санитарлық норма талаптарына сәйкестігін бақылау ұсынылсын.
      4. "Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" (Ғ.Ә. Еркебай), "Қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемелері (П.С. Шамуратов) белгіленген тәртіпте сауда орындарының өлшемі мен шегін белгілесін.
      5. "Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Р. Молдабаев) белгіленген сауда орындарының тазалығын қамтамасыз етсін.
      6. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қазандағы N 2145 "Қызылорда қаласының аумағында уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың (алаңқай) орнын белгілеу туралы" қаулысы жойылсын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ақжігітовке жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                             М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      2011 жылғы 28 қарашадағы
      Қызылорда қаласы әкімдігінің
      N 2380 қаулысына 1-қосымша

       Сауда қызметінің субъектілеріне көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

N р/с Арнайы бөлінген орындар Арнайы бөлінген орындар түрі Орындар саны

1

Шұғыла мөлтек ауданы, Ғ. Мұратбаев және Қожахмет Яссауи көшелерінің қиылысы (N 1 маршрутының соңғы аялдамасының маңы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

2

"Универсам" сауда үйінің маңы (бұрынғы Айбек базарына қарама-қарсы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

3

"Сырдария" мөлтек ауданы (N 34 маршруттың соңғы аялдамасы Рахмет дүкенінің сол жағы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

4

"Ескі жағажай" (Әбілхайырхан көшесінің бойы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

5

"Титов" қыстағы (Қашаубаев көшесі бойындағы Бірлік дүкенінің алды)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

6

"Әль-фараби" мөлтек ауданы (Сағымбаев көшесінің аяғы, Қызылжарма каналының маңы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

7

Қорқыт-ата көшесі мен Қожа Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысы (Тесік көпір маңы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

8

Гагарин мөлтек ауданы (Тоғанас Батыр көшесі мен Хон Бен До көшесінің қиылысы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

9

Жахаев көшесі мен Айтбаев көшесінің қиылысындағы алаңқай

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

10

Шаңқай мөлтек ауданы (Құлтекенов көшесі мен Жанқожа Батыр көшесінің қиылысы)

Автодүкендерде және (немесе) шатырларда

1

      Барлығы: 10 /он/

      2011 жылғы 28 қарашадағы
      Қызылорда қаласы әкімдігінің
      N 2380 қаулысына 2-қосымша

       Сауда қызметінің субъектілеріне көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.05.10 N 3594 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады