Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2012.04.05 N 5 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурызында ауданның аумағында тұратын тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына (келісім бойынша) азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шаралар өткізу ұсынылсын.
4. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті "Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлу ұсынылсын.
5. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың қаңтар - наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар арасынан 4 адам бөлсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.
7. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі С. Сермағамбетов