Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы N 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 23 желтоқсанда N 10-8-159 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2012 жылғы 05 наурыздағы N 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2012.03.05 N 5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Сырдария ауданы бойынша 2012 жылы қаңтар-наурыз аралығында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Аудандық шақыру учаскесіндегі тіркеу жұмысын жүргізу үшін тіркеу жөніндегі комиссиясы құрылсын және оның құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. "Қызылорда облысы Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлер ұсынылсын. (келісім бойынша)
      4. "Қызылорда облысы Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау басқармаларынан-стационарлық (амбулаторлық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарды тексеруге және емдеуге бекітілген емдеу-алдын алу мекемелерінің тізімі сұратылсын.
      5. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін.
      6. Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) әскери есепке қоюдан жалтарған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      7. Сырдария ауданы әкімінің 2010 жылғы 23 қарашадағы "Сырдария
ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру
туралы" N 7 шешімнің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 10-8-135 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газет баспасының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 99 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
      9. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С. Тауипбаев

      Аудан әкімінің 2011 жылғы
      09 желтоқсандағы N 7 шешіміне
      қосымша

Аудандық тіркеу жөніндегі комиссиясының
      ҚҰРАМЫ

      Кенжебаев Бекзат Хамзаұлы - "Қызылорда облысы Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы - "Сырдария ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

      Комиссия мүшелері:

      Әлжан Ерлан Сәбитұлы - "Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Даярова Салима Файзуллақызы - "Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының Сырдария аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);
      Тоқмағанбетова Ғалия - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады