Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 102 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес Сырдария аудандық мэслихаты ШЕШЕМІЗ:
1.
Сырдария ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны 1-қосымшаға және базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен |
Р. Есенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Атақаев |
"Келісілді" |
Ескерту. Келісу таңбасына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.03.20 N 36 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
2011 жылғы "30" қарашадағы |
Сырдария ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны
р/с |
Біржолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызмет тізбесі |
Біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен есептегенде |
1 |
Газеттер мен журналдар сату |
0,036 |
2 |
Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (екпелер, көшет) сату. |
0,036 |
3 |
Бақша дақылдарын сату |
0,071 |
4 |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
0,039 |
5 |
Қосалқы ауыл шаруашылығындағы, бақшалық,бағбандық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату. |
0,050 |
6 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметіне. |
0,212 |
7 |
Орман жидегін, бал сату |
0,050 |
8 |
Саңырауқұлақтар сату |
0,050 |
9 |
Сыпыртқы, сыпырғылар сату |
0,036 |
10 |
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату |
0,142 |
12 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу (1 күнге) |
0,056 |
2011 жылғы "30" қарашадағы |
Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын біржолғы талон құны
р/с |
Біржолғы талон негізіндегі кәсіп түрінің тізбесі |
Біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен есептегенде |
1 |
Азық түлік саудасы |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
0,411 |
|
Жеңіл көліктерден сату |
0,177 |
|
Сөреден сату |
0,050 |
|
2 |
Өнеркәсіп және құрылыс заттары өнімдерін сату |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
0,411 |
|
Жеңіл көліктерден сату |
0,212 |
|
Сөреден сату |
0,057 |
|
3 |
Мал және мал азығы |
|
Ірі қара сату |
0,099 |
|
Басқа мал түрлерін сату |
0,043 |
|
Құс және басқа да үй жануарларын сату |
0,018 |
|
4 |
Бақша өнімдерін сату |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
0,198 |
|
Жеңіл көліктерден сату |
0,099 |
|
Сөреден сату |
0,043 |
|
5 |
Жұлдызнамаларды және келешекті жорамалдау қызметі |
0,050 |
6 |
Гүл сату |
0,039 |
7 |
Кесек сату |
0,085 |
8 |
Арбамен отын сату |
0,021 |