Біржолғы талон құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 362 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 102 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес Сырдария аудандық мэслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Сырдария ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны 1-қосымшаға және базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы

Р. Есенов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Атақаев

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігі Салық
      Комитетінің Қызылорда
      облысы бойынша Салық
      департаментінің Сырдария
      ауданы бойынша Салық
      басқармасының бастығы
      _____________Ф. Қожабергенов
      30 қараша 2011 жыл


      Ескерту. Келісу таңбасына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.03.20 N 36 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
 


2011 жылғы "30" қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 362 шешіміне
1-қосымша

Сырдария ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны
 

р/с
 

Біржолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызмет тізбесі
 

Біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен есептегенде
 

1
 

Газеттер мен журналдар сату
 

0,036
 

2
 

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (екпелер, көшет) сату.
 

0,036
 

3
 

Бақша дақылдарын сату
 

0,071
 

4
 

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату
 

0,039
 

5
 

Қосалқы ауыл шаруашылығындағы, бақшалық,бағбандық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату.
 

0,050
 

6
 

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметіне.
 

0,212
 

7
 

Орман жидегін, бал сату
 

0,050
 

8
 

Саңырауқұлақтар сату
 

0,050
 

9
 

Сыпыртқы, сыпырғылар сату
 

0,036
 

10
 

Жануарлар мен құстардың жемдерін сату
 

0,142
 

12
 

Үй жануарлары мен құстарын бағу (1 күнге)
 

0,056
 

   


2011 жылғы "30" қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 362 шешіміне
2-қосымша

Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын біржолғы талон құны
 

р/с
 

Біржолғы талон негізіндегі кәсіп түрінің тізбесі
 

Біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен есептегенде
 

1
 

Азық түлік саудасы
 


Жүк автокөліктерінен сату
 

0,411
 


Жеңіл көліктерден сату
 

0,177
 


Сөреден сату
 

0,050
 

2
 

Өнеркәсіп және құрылыс заттары өнімдерін сату
 



Жүк автокөліктерінен сату
 

0,411
 


Жеңіл көліктерден сату
 

0,212
 


Сөреден сату
 

0,057
 

3
 

Мал және мал азығы
 



Ірі қара сату
 

0,099
 


Басқа мал түрлерін сату
 

0,043
 


Құс және басқа да үй жануарларын сату
 

0,018
 

4
 

Бақша өнімдерін сату
 



Жүк автокөліктерінен сату
 

0,198
 


Жеңіл көліктерден сату
 

0,099
 


Сөреден сату
 

0,043
 

5
 

Жұлдызнамаларды және келешекті жорамалдау қызметі
 

0,050
 

6
 

Гүл сату
 

0,039
 

7
 

Кесек сату
 

0,085
 

8
 

Арбамен отын сату
 

0,021
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады