Ақтау қаласы әкімдігінің "Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 157 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 08 маусымдағы № 630 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 шілдеде № 11-1-158 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 157 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-152 тіркелген, 2011 жылдың 5 сәуірдегі № 15(22) «Ақтау ақпарат» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      мемлекеттік тіліндегі мәтінінде:
      5 тармақтағы «жиырма алты» сөздерінен кейін «мың» деген сөзбен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              О. Қазақбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Ақтау қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      ММ - нің бастығы
      К.М. Айтбатырова
      08 маусымдағы 2011 жыл

      «Ақтау қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      ММ - нің бастығы
      А.Н. Ким
      08 маусымдағы 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады