Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 03 маусымдағы № 35/350 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 маусымда № 11-7-93 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 мамырдағы № 21/244 шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06 мамыр 2014 № 21/244 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                         Р. Отегулова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 Б. Назар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Ж.Тұманбаева
      03 маусым 2011 жыл.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы А. Толыбаева
      03 маусым 2011 жыл.

Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 35/350 шешіміне қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, 2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына» сәйкес әзірленді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2012.09.13 N 6/52 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминимум объектісін басқару органы - кондоминимум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй – жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар
      қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы органға жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминимум объектілерінің ортақ мүлік күрделі жөндеуге және немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегі, егер коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемі, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне жұмсалған отбасының шығындары отбасының жиынтық табысының он проценттік үлесінен артық болса тағайындалады.
      тұрғын үй көмегін есептеуде қолданылатын тұрғын үй шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормалары (тұрғын үй шығындары, жылу және сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электр жабдықтау, қоқыс шығару, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді.
      5. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы  Мұнайлы аудандық мәслихаттың 2012.09.13 N 6/52 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абонеттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыруға арналған төлемақы Мұнайлы ауданында тұрақты тұратын аз қамтамассыз етілген отбасыларға (азаматтарға) берілетін тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асады.
      7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абонеттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәслелері туралы» қаулысымен анықталады.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мен пайдаланған коммуналдық қызметтер шығындары құны негізінен есептеледі және есептелген нақты төлем сомасынан аспауы керек.
      9. Тұрғын үй көмегі қызметтерді ұсынушылардың берген шоттары бойынша көрсетіледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминимум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметті тұтыну шоттары;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы жергілікті атқарушы орган берген шот.
      11. Тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда, өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.
      отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар тоқсан сайын ұсынылғаннан кейін тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.
      12. Өзге адамның көмегіне мұқтаж он алты жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын азаматтарды қоспағанда, еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және уәкілетті органда тіркелмеген азаматтары бар отбасыларға, сондай - ақ меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға берген азаматтарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      13. Уәкілетті органға жалған ақпарат беру арқылы заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қайтарылып алынады.
      14. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысудан, кәсіптік даярлау, қайта даярлаудан, кәсіптілігін арттырудан себепсіз бас тартқан және оқуға қатысуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      15. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмән туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды учаскелік комиссияға беріп, өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексертуге, тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажет мәліметтерді сұрата алады.
      16. Ескерту. 16 - тармақ алынып тасталды - Маңғыстау облысы   Мұнайлы аудандық мәслихаттың 2012.09.13 N 6/52 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      17. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті уәкілетті органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы   Мұнайлы аудандық мәслихаттың 2012.09.13 N 6/52 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      18. Уәкілетті орган ай сайынғы тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетіп, меншік иелерінің тізімін жасайды.
      тұрғын үй көмегін алушылардың мекен жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет алушылардың шотына аударады.

4. Есеп беру

      19. Уәкілетті орган Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тағайындалған және төленген сомасы туралы мәлімет береді.

5. Бақылау

      20. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалғанын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады