Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабынa, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз аралығында «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2. «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (А.Е.Ширшикбаев, келісім бойынша):
1) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;
2) шақыру учаскесінде тіркелушілер саны көбейген жағдайда қосымша медициналық комиссиядан өткізу үшін дәрігер мамандарды және медбикелерді;
3) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
4) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді бөлу.
3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
4. «Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.Ж.Абдраманов, келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін бір адам және іздестіру тобы үшін екі адам бөлу ұсынылсын.
5. Селолық округ әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезінде әскер жасына дейінгілерді хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа және «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.И.Мендбаевқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е. Әбілов