Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2), 3), 13) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге;
3) балықтан басқа хайуандарды, кез келген тәсілдермен және құралдармен олжалауға;";
"13) Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша тырналардың таралу мекеніне кірмейтін егістік жер учаскелерін есептемегенде бақша дақылдарын өсіруге арналған тың даланы жыртуды;".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай | |
облысының әкімі | С. Кулагин |
КЕЛГСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Орман және аңшылық шаруашылық | |
комитетінің Қостанай облыстық | |
орман және аңшылық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | |
_______________ М. Бегімбетов | |
"Қостанай облысы | |
әкімдігінің табиғи | |
ресурстар және пайдалануды | |
реттеу басқармасы" ММ бастығы | |
________________ Қ. Төлеубаев |