Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 157 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 мамырда № 9-3-149 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 372 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011.08.09 № 372 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3)14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 309 "Арқалық қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-138 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 14 қаңтарында "Торғай" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері белгіленсін:
      1) емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға табысын есепке алмай қосымша тамақтануға арналған он айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      3) аз қамтылған отбасылардағы қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек.
      Бала қайтыс болған күнде ата-анасының біреуі немесе басқа заңды өкілі жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелген болса, әлеуметтік көмек өтініш иесіне тағайындалады және төленеді;
      4) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасындағы қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек.
      Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелеріне немесе қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға тағайындалады және төленеді.
      5) Жеңіс күніне - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктермен кепілдіктер бойынша теңестірілген төрт айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, балаларды халықаралық қорғау күніне- мүгедек балаларға бір айлық есептік мөлшерінде біржолғы әлеуметік көмек;
      6) білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, табысы ең төменгі күн көрістен кем отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғары білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек. Көмек екі үлеспен аударылатын оқу жылының ағымында оқудың бір жылдық құны мөлшерінде көрсетіледі.
      7) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне алты айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі тұрмыстық қажеттіліктеріне ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек.
      2. Белгіленсін:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік көмек төлеу үшін қалалық комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып, арыздың келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қабылданады;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектермен, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның қала аумағынан тысқары кетуіне байланысты тоқтатылады.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі қабылданған күнінен бастап он күн ішінде әлеуметтік көмек алушының карточкалық жүйедегі банкідегі шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулымен көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ш. Шалдыбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Арқалық
      қаласы әкімінің
      міндетін атқарушысы                        Жаманов Е.А.

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________________ К. Омарова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      _________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Н. Гайдаренко

Әкімдіктің      
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 157 қаулысына қосымша

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажет
құжаттардың тізбесі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар болып табылады:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің нөмірі;
      ағымдағы шот немесе карточкалық жүйедегі ағымдағы шотының нөмірі.
      кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын, өтініш беруші үшін көрсетілген мәртебенің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      2. Қосымша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық мекемеден шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға біржолғы әлеуметтік көмек:
      аурудың емделуде болуын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:
      Өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсанның табыс туралы мәліметі;
      3) аз қамтылған отбасылардағы кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтама, баланың туу туралы акті жазбасынан үзінді;
      ата-анасының біреуі және басқа заңды өкілдері жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелгені туралы анықтама;
      өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсанның табыс туралы мәліметі;
      егер жерлеу қайтыс болған кісінің отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, арызданушы туыстық қатынасты растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      егер жерлеу қайтыс болған кісінің отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, арыз беруші ритуалды қызметтен жерлегенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      4) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтама;
      жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелгені туралы анықтама;
      5) біржолғы әлеуметтік көмек: Жеңіс Күніне орай – Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; Халықаралық балаларды қорғау күніне-мүгедек балаларға;
      егер осы азамат өкілетті органда тіркеуде тұрмаса, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) мемлекеттік білім беретін гранттар иегерлері болып табылатын тұлғаларды және (немесе) мемлекеттік бюджеттен басқа төлемдер алушыларды қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға оқудың жылдық құны мөлшеріндегі әлеуметтік көмек:
      Оқу орнымен берілген оқу орнын және оқу жылының ақысының мөлшерін растайтын құжат;
      өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсанның табыс туралы мәліметі;
      оқуға төлегенін растайтын құжат төлем болғаннан кейін беріледі.
      7) қосымша ай сайынғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға:
      егер осы азамат Арқалық қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрмаса, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатының көшірмесі;
      3. Құжаттар салыстыру үшін тұпнұсқада және көшірмеде беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш білдірушілерге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылып, іске тігіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады