"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы Арқалық қаласының шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Ауылдар және ауылдық округтердің әкімдері тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
3. "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Арқалық өңірлік емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу бойынша іс шараларды өткізу ұсынылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Е. Жаманов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Арқалық өңірлік емханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
_____________________ И. Туранина
"Қостанай облысы Арқалық қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________________ С. Жаркин
"Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Қостанай облысының
Ішкі істер департаментінің Арқалық
қаласының ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________________ Е. Смағұлов