Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 56 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде № 9-6-127 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 08.07.2011 № 136 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің мынадай түрлері белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждықтарына төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;

      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыққан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;

      3) аз қамтамасыз етілген отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыссыз ретінде "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) тіркелсе, әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;

      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелеріне немесе қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға тағайындалады және төленеді;

      5) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне бес мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек;

      6) білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуына байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек. Көмек оқу жылы бойы екі үлеспен аударылатын жылдық оқу құны көлемінде көрсетіледі;

      7) табысына қарамастан, оперативтік емдеуге арналған нақты шығындар бойынша, бірақ елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес барлық топтардағы мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек;

      8) әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарға жататын отбасыларға (азаматтарға), өрт немесе су басуда келтірілген зардап нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтажды нақты шығындар бойынша, бірақ елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес біржолғы әлеуметтік көмек. Төтенше жағдай енгізу үшін негіз болу нәтижесінде, зардап шеккен тұлғалардан басқа.

      2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.

      3. Белгіленсін:

      1) азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін, уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі аудандық комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып қабылданады;

      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждарына ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуымен немесе оның аудан аумағынан шығып кетуіне байланысты тоқтатылады.

      4. Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның арызын қарау үшін, өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін болса, субъектіге, лауазымды тұлғаға өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

      Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның арызын қарау үшiн, өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн болса тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

      5. Әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тарту үшін негіздер болып табылады:

      1) өтініш берушінің жалған мәліметтерді ұсынуы;

      2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтар санаттарына өтініш берушінің сәйкес келмеуі.

      6. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының ағымды банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.

      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

      8. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі белгіленсін.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін.

      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

Аманкелді ауданының


әкімі

С.Ахметов

КЕЛІСІЛДІ:


"Аманкелді ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы


__________________ М. Тобағабулов


"Аманкелді ауданының экономика және


бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


___________________ Т. Карбозов



  Әкімдіктің
2011 жылғы 11 сәуірдегі
№ 56 қаулысына қосымша

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың
тізбесі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар:

      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған адамның өтініші;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты жерді растайтын құжат;

      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;

      алушының ағымды шоттың ашылғанын растайтын құжаттың көшірмесі. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін - көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

      2. Әлеуметтік көмектің түрлерін тағайындау үшін мынадай қосымша құжаттар ұсынылады:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыққан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға, біржолғы әлеуметтік көмек:

      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);

      аурудың амбулаторлық емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;

      3) аз қамтамасыз етілген отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:

      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;

      баланың туу туралы акт жазбасынан үзінді;

      уәкілетті органнан ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

      отбасының табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;

      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынасты растайтың құжаттың көшірмесін ұсынады;

      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын, ритуалдық қызметтен құжатты ұсынады;

      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:

      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;

      уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынасты растайтың құжаттың көшірмесін ұсынады;

      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын, ритуалдық қызметтен құжатты ұсынады;

      5) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек;

      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуына байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек:

      өтініш жасаған тоқсанның, алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;

      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;

      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі;

      7) табысына қарамастан, оперативтік емдеуге арналған нақты шығындар бойынша, барлық топтардағы мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      емдеуге арналған шығындарын растайтын құжаттар;

      8) әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарға жататын отбасыларға (азаматтарға), өрт немесе су басуда келтірілген зардап нәтижесінде біржолғы әлеуметтік көмек.

      туындаған жағдайда қарастырылған, төлемдерді төлеу үшін, тиісті органмен расталған құжаттар;

      келтірілген зиянның сомасын растайтын құжаттар;

      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      3. Құжаттар көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқалармен бірге беріледі. Салыстыру құжаттар ұсынған күні жүргізіледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады