Мәслихаттың 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 205 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2011 жылғы 19 қазандағы № 291 шешімі. Қостанай облысы Амангелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қарашада № 9-6-132 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 77 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2012.10.31 № 77 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 205 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-115 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 қазанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілген:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптын бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы               Б. Дәуітбаев

      Аманкелді аудандық
      мәслихаты хатшысының
      уақытша міндетін атқарушы                  Ж. Олжағұлова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ М. Тобағабулов
      19 қазан 2011 жыл

      "Аманкелді ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы __________ Ж. Сеилова
      19 қазан 2011 жыл

      "Аманкелді ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Т.Карбозов
      19 қазан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады