Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 117 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 мамырда № 9-11-117 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 12.09.2011 № 278 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3, 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 255 "Қамысты ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-111 болып тіркелінген) шешімін іске асыру мақсатында, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдердің түрлері белгіленсін:
      1) Ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғаларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2) Мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға, табысын есепке алмағанда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек.
      3) Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын өрт немесе су басып кеткен жағдайда әлеуметтік көмекке мұқтаж, нақты келтірілген залал бойынша, жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен көп емес біржолғы әлеуметтік көмек. Төтенше жағдайларды енгізуге қажетті жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен тұлғлардан басқа;
      4) Барлық санаттағы мүгедектерге шұғыл емделуге нақты келтірілген шығыны бойынша, табысына қарамастан елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен көп емес біржолғы әлеуметтік көмек;
      5) Орташа табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен (отбасыларға) азаматтарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      6) Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      7) Орташа табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Әлеуметтік көмек жерлеуге, отбасы мүшелеріне немесе қайтыс болған жұмыссызды жерлеген тұлғаға тағайындалады және төленеді, егер де қайтыс болған күні жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе;
      8) Жеңіс Күніне- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бес мың теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірілгендерге екі мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек.
      9) Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан жастарға, білім беру ұйымдарында оқуын төлеуге жергілікті бюджеттен төлем алушылардың мемлекеттік білім гранттары және (немесе) кредиттерінің иегерлері болып табылатын тұлғалардан басқа, кәсіптік білім, ортадан кейінгі немесе жоғары бiлiм алуларына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек. Көмек, оқу жылының құны мөлшерінде оқу жылы бойынша екі тең үлеске бөлініп төленеді.
      2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып (бұдан әрі-уәкілетті орган) анықталсын.
      3. Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі аудандық комиссия ұсынысын есепке ала отырып он бес күнтізбелік күн ішінде қабылданады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болған күнінен немесе оның аудан аумағынан тысқары кетуінен бастап тоқтатылады.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе банкілік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақша қаражатын аудару арқылы қолма-қолсыз түрде шешім қабылданғаннан кейін бір ай ішінде жүзеге асырылады.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға бюджетпен қарастырылған сомалар шегінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      6. Осы қаулының қосымшасына сай, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      7. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негізі болып, осы қаулының 1 тармағына сәйкес, әлеуметтік көмек алушының көмек көрсетілетін азаматтардың санаттарына жатпауы болып табылады.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынасқа іс-әрекет етеді.
      Қамысты
      ауданының әкiмi Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау Басқармасы
      "Қамысты аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      мекемесінің бас дәрігері
      ____________ Жанұзақов М.Ғ.
      "Қамысты ауданының қаржы
      бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      _____________ Әлпаева С.Ж.
      "Қамысты аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің бастығы
      _________________ Иванченко Л.П.
      "Қамысты ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      __________________ Нұржанова К.Т.

  Әкімдіктің
2011 жылғы 4 мамырда
№ 117 қаулысына қосымша

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті
құжаттардың Тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалпы құжаттар болып табылады:
      әлеуметтік көмекке өтінішпен келген тұлғаның өтініші;
      өтініш берушіні куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін анықтайтын құжат;
      салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      Шот нөмірі көрсетілген алушының банкалық шотын анықтайтын құжаттың көшірмесі.
      Кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтінуші үшін, осындай дәрежесі барын анықтайтын құжаттың көшірмесі
      2. Қосымша әлеуметтік көмектің жеке түрлерін тағайындау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңелген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек:
      әлеуметтік көмек алушының әлеуметтік дәрежесін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      2) Мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
      (кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
      Аурудың емделуде болғанын анықтайтын, сәйкестік медициналық мекемеден анықтама;
      3) Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан кәмелеттік жасқа толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болу туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы анықтама; баланың туу туралы актілік жазбадан көшірме;
      баланың туу туралы акталық жазбадан көшірме;
      отбасының табысы туралы мәліметті анықтайтын құжаттар
      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      өлу туралы куәлік немесе өлгені туралы анықтаманың көшірмесі;
      қайтыс болушының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органнан анықтама.
      Егерде жерлеуді отбасының мүшелері жүргізбесе, өтінуші ритуалдық қызметі жерлегенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      5) Жеңіс күні қарсаңына біржолғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңелген тұлғаларға:
      әлеуметтік көмек алушының әлеуметтік дәрежесін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      6) Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан жастарға, кәсіптік білім, ортадан кейінгі немесе жоғары бiлiм алуларына байланысты шығынын өтеку үшін әлеуметтік көмек:
      отбасының табысы туралы мәліметті анықтайтын құжаттар;
      сәйкестік оқу орны берген, оқу орнын және оқу жылының төлем мөлшерін анықтайтын құжат;
      Оқуын төлеуді анықтайтын құжат, төлемді өтегеннен кейін ұсынылады;
      7) Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын өрт немесе су басып кеткен жағдайда әлеуметтік көмекке мұқтаж, нақты келтірілген залал бойынша отбасыларға (азаматтарға) біржолғы әлеуметтік көмек:
      сәйкестік органдардан төлем талап ететін орын алған жағдайды растайтын құжаттар;
      келтірілген шығын сомасын анықтайтын құжаттар.
      8) Орташа табысы күнкөріс деңгейінен ең аз (отбасыларға), азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек:
      алдыңғы тоқсандағы өтініштің, тоқсандағы табысы туралы мәлімет.
      3. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін өтініш берген күні құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қайтарылады.
      4. Мүгедектердің барлық санаттарына табысына қарамастан емделуге:
      Емделудің құны мен емделгенін анықтайтын құжаттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады