Қазақстан Республикасы азаматтарының Қарабалық ауданы шақыру учаскесіне тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 14 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қарашада № 9-12-170 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қарабалық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу бойынша іс–шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Селолық округтер, Тоғызақ селосы және Қарабалық кентінің әкімдері:
      1) тіркеуге жататын азаматтарды хабар ету және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуі қамтамасыз етілсін;
      2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін шығарып салатын тұлғалар бөлінсін, тасу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қабылдансын.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер Департаментінің Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі" және "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:
      1) аудан оқу орындарына әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге наряд жеткізсін.
      2) бастауыш әскери даярлаудың ұйымдастырушы–оқытушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы ақпарат берсін;
      4) әскери-оқу орнына түсуге әрбір әскерге дейінгі шақырушылармен әскери кәсіптік бағыты мақсатымен жеке әңгімелесуді өткізсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министрлігі Қостанай облысы
      Ішкі істер Департаментінің
      Қарабалық аудандық ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндет атқарушы
      _______________ М.Ералиев

      "Қостанай облысы Қарабалық
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ В. Гавриш

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қарабалық орталық аудандық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігерінің
      міндетін атқарушы
      ______________ Л. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады