2012 жылы шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 5 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 9-13-141 тіркелді. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 09-04/568 хаты)

      Ескерту. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.04.10 № 09-04/568 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда аудан аумағында "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесiне Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарының тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыру пункті Қарасу селосында ұйымдастырылсын.
      3. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Қарасу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынының (келісім бойынша) бас дәрiгерiмен "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығымен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуі ұсынылсын.
      4. "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына жеткізу, бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, олардың жұмысын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу басталғаны жөнінде хабарландыру беруі ұсынылсын. Тіркеу кезінде әскери оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында әр әскерге жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу жүргізілсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Б.Б.Уәлиевке жүктелсiн.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу
      ауданының әкiмi                            А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
      сақтау басқармасы "Қарасу аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттiк
      коммуналдық қазыналық кәсiпорнының
      бас дәрiгерi
      _______________ М.Манькевич

      "Қостанай облысы Қарасу ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесiнің бастығы

      _______________ А.Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады