"Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 18 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 желтоқсанда № 9-14-162 тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Занының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық округтер, селолар, Затобол кентінің әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде хабар ету ұйымдастырсын және "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне әскер жасына дейінгілердің уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілердің арасында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
      1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуде тапсырманы ауданның оқу орындарына нарядты жеткізу;
      2) бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыру беру;
      4) тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсудегі әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізу.
      5. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылсын.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      ауданының әкімі                            А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының
      Ішкі істер департаменті Қостанай
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ С. Байгонов

      Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық
      сақтау басқармасының "Қостанай аудандық
      орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері
      _________________________ Б. Утебекова

      "Қостанай облысы Қостанай ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ Р. Саттаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады