Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 58 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда № 9-15-145 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3)14 тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес, "Меңдіқара ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 389 шешімін іске асыру мақсатында (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9-15-140 болып тіркелген) Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің мынадай түрлері белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына төрт есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, амбулаторлық емделу кезеңінде, қосымша тамақтануға он есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      3) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге он бес есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе және қайтыс болған жұмыссыздардың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға тағайындалады және төленеді;
      5) Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына екі есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға бір есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, Халықаралық балаларды қорғау күніне (1 маусым) арналған мүгедек балаларға бір есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      6) мемлекеттік білім грант иелері және (немесе) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдерді алушылар болып табылатындардан басқа, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім және жоғары білім алуымен байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек. Көмек оқу жылы бойы екі үлеспен аударылатын жылдық оқу құны көлемінде көрсетіледі.
      2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Белгіленсін:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындауда уәкілетті органның тағайындау немесе бас тарту туралы шешімі азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін аудандық комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып қабылданады;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуымен немесе оның аудан аумағынан тысқары кетуіне байланысты тоқтатылады.
      4. Әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тарту үшін негіздер болып табылады:
      1) өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берсе;
      2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтар топтарына өтініш берушінің сәйкессіздігі.
      5. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
      6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      7. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі белгіленсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Меңдіқара
      ауданының әкімі                            Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Меңдіқара аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      __________________ Д. Ахметов

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Г. Айсенова

      "Меңдiқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________________ С. Плотникова

Әкімдіктің      
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 58 қаулысына қосымша

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған адамның өтініші;
      өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерді растайтын құжат;
      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      шоттың нөмірі көрсетілген, алушы шотының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін - көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау үшін қосымша мынадай құжаттар беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, амбулаторлық емделу кезіңінде, қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      аурудың амбулаторлық емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      3) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
      баланың туу туралы акт жазбасынан көшірме;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      отбасының табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар.
      Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжатты береді;
      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынасты растайтың құжаттың көшірмесін (неке туралы куәлік, қайтыс болғанның туу туралы куәлігі, балалардың туу туралы куәліктері) береді. Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтың құжатты береді;
      5) Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға, Халықаралық балаларды қорғау күніне (1 маусым) арналған біржолғы әлеуметік көмек:
      төленетін топтың әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек:
      отбасының табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      тиісті оқу орнымен берілген оқу орнын және оқу жылына оқуға төлем мөлшерін растайтын құжат;
      оқуға төлемді растайтын құжат төлем жасалғаннан кейін беріледі.
      3. Құжаттар салыстыру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда беріледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады