Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 10.07.2015 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
дәнді дақылдардың егісі 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
майлы дақылдардың егісі 18 мамырдан 30 мамырға дейін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Т. Тұрағұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жақыпов
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының
кәсіпкерлік, ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ А. Ковальчук