Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 171 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 маусымда № 9-15-153 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 10.07.2015 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      дәнді дақылдардың егісі 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      майлы дақылдардың егісі 18 мамырдан 30 мамырға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Т. Тұрағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      кәсіпкерлік, ауыл
      шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ А. Ковальчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады