Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 157 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 3137-баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 163 "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін басталуын және аяқталуын оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық aктiлepдi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiндe № 9-15-152 тіркелген, 2011 жылғы 23 маусымда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 171 "Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тipкeу тізілімінде № 9-15-153 тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ә. Садуақасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады