Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 70 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 сәуірде № 9-20-194 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 257 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011.09.23 № 257 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 1516-баптарына, "Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3606 нөмірімен тіркелген) қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 388 "Федоров ауданының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-20-184 нөмірімен тіркелген) шешімі негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      2) емдеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      3) халықтың әлеуметтік-қорғалатын топтарына жататын отбасыларға, (азаматтарға), өрт немесе су басуда келтірілген зардап нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтажды нақты шығындар бойынша, бірақ жетпіс айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде жағдайдың нәтижесінде төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған, зардап шеккендерден тұлғалардан тыс бір жолғы әлеуметтік көмек;
      4) табысына қарамастан барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындар бойынша шұғыл емделуге, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік қоржынының көлемінен төмен табыстары бар отбасыларға (азаматтарға) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) аз қамсыздандырылған отбасылардың кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге он бес есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Егер баланың қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік көмек арыз берушіге тағайындалады және төленеді;
      7) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелеріне немесе қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға тағайындалады және төленеді;
      8) Жеңіс күніне – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне бес мың теңге мөлшерінде; "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға үш мың теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      9) нақты шығындар бойынша мүгедектердің сауықтыру орталықтарына баруына байланысты шығындарын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек;
      10) білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын қатарына жататын және табысы ең төменгі күнкөрістен кем отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек. Көмек 2 үлеспен аударылатын оқу жылының ағымында оқудың бір жылдық құны мөлшерінде көрсетіледі.
      2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (әрі қарай – уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып тағайындалсын.
      3. Анықталсын:
      1) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті төлеу үшін уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік – кеңесші ведомствоаралық комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылданады.
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек арыз берушінің арызды берген айдан бастап тағайындалады және арыз берушінің қайтыс болуына байланысты немесе оның аудан аумағы шегінен шығуына байланысты тоқтатылады.
      4. Әлеуметтік көмекке өтініш берген арызы бойынша, басқа да субъектілерден, лауазымды тұлғалардан қарастыру үшін ақпарат алуды талап етпейтін немесе тексеру орнына шығу шешімі субъектіге, лауазымды тұлғаға арыз түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ағымында қабылданады.
      Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның арызы бойынша, мұны басқа да субъектілерден, лауазымды тұлғалардан қарастыру үшін ақпарат алуды талап етпейтін немесе тексеру орнына шығу шешімі субъектіге, лауазымды тұлғаға арыз түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ағымында қабылданады.
      5. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту үшін негіз:
      1) арыз берушінің жалған мәліметтерді ұсынуы;
      2) осы қаулының 1 тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтардың санаттарына арыз берушінің сәйкес келмеуі болып келеді.
      6. Әлеуметтік көмектің төлемі екінші деңгейлі банк немесе ұйымдар арқылы, банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Халық банкінің лицензиясы бар әлеуметтік көмекті алушының ағымды банк шотына қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыруды әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді шығару сәтінен бастап 15 күннің ішінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
      8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін осы қаулыда қарастырылған, қосымшасына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі анықталсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсiн.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған іс-әрекетке таралады.

      Федоров
      ауданының әкімі                            Қ. Ахметов

      КЕЛIСIЛДІ:

      "Федоров аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _________________ В. Финк

      "Федоров аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінiң
      бастығы
      ____________ Т. Волоткевич

      "Федоров ауданының
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ В. Гринак

Әкiмдіктің         
2011 жылғы 20 наурыздағы  
№ 70 қаулысына қосымша   

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      алушының ағымды шоттың ашылғанын растайтын құжаттың көшірмесі болып келеді;
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып келетін, өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебенің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Қосымша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) емдеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
      аурудың емделуде болуын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      баланың туу туралы куәліктің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      3) халықтың әлеуметтік-қорғалатын топтарына жататын отбасыларға, (азаматтарға) өрт немесе су басуда келтірілген шығынның нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтаждарға бір жолғы әлеуметтік көмек:
      сәйкес органдардан, төтенше жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттар;
      келтірілген шығынның соммасын растайтын құжаттар;
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) табысына қарамастан барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындар бойынша шұғыл емделуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      емделу құнын растайтын құжаттар;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістен төмен табыстары бар отбасыларға (азаматтарға) бір жолғы әлеуметтік көмек:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының (азаматтың) табыстары туралы мәліметтер;
      6) аз қамсыздандырылған отбасылардың кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы, баланың туу туралы актілі жазбадан үзіндісі;
      отбасының табысы туралы мәліметті растайтын, құжаттар;
      уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілдің тіркелгені туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болған адамдардың мүшелерімен жасалса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болған адамдардың мүшелерімен жасалмаса, арыз беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын ритуалды қызмет орнынан құжаттың көшірмесін ұсынады;
      7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы;
      уәкілетті органнан қайтыс болушының жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жасалса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жасалмаса, арыз беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын ритуалды қызмет орнынан құжаттың көшірмесін ұсынады;
      8) Жеңіс күніне орай бір жолғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға:
      егер осы азамат уәкілетті органның есебінде тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      9) мүгедектердің сауықтыру орталықтарына баруына байланысты шығындарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек:
      жолдамаға кері талоны;
      стационарлық аурудың медициналық картасынан үзінді;
      жол жүру билеттері;
      10) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын қатарына жататынын және отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын қатарына жататынын растайтын құжат;
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі.
      3. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары құжат берілген күні, өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәләндіріледі және іске қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады