"Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 мамырдағы № 448 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2011 жылғы 23 маусымдағы № 456 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 маусымда № 9-20-197 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012 жылғы 1 қаңтардағы № 02-33/2 хаты)

      Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012.01.10 № 02-33/2 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 12 мамырдағы № 448 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-195 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 мамырда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) шешімінің 1–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         О. Ковалева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының
      кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқаратын
      ______________ С. Хусаинов

      "Федоров ауданының
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ В.Гринак

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады