Павлодар облысы бойынша 2012 жылға арналған жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 402/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 06 қаңтарда N 3196 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 03 қыркүйектегі N 1-11/560 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 03.09.2014 N 1-11/560 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 487–бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су Кодексі" 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар облысы бойынша 2012 жылға арналған жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Шабрат

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р. Гафуров

Павлодар облысы мәслихатының  
(IY сайланған XL сессиясы)    
2011 жылғы 6 желтоқсандағы N 402/40
қосымша             

Павлодар облысы бойынша 2012 жылға арналған
жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны
үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері

Р/с N Арнайы су пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Мөлшерлемелер
теңге
1 2 3 4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

76,73

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса алғанда

1000 текше метр

220,46

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

62,12

4

Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

62,12

5

Су көздерінде балық аулауды жүргізетін тұтынушылар, балық шаруашылықтары

өнімнің тоннасы

155,91

6

Су көліктері

1000 т.км

8,52

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады