2011 жылы азаматтардың жекеленген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүру үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы N 170/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 наурызда N 12-3-293 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 24/1-23/88 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХХVІІ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешімі негізінде және қала азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қалаішілік жолаушылар бағытындағы қоғамдық жолаушылар көлiгiнде толық жол билеті құнының 50% көлемiнде жеңiлдiкпен жол жүру құқығы келесi санаттағы азаматтарға белгіленсін:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер;
      2) 3-топтағы мүгедектер;
      3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалы аналар.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген азаматтар жеңiлдiкпен жол жүру құқын растау үшiн кондукторға (бақылаушыға) мiндеттi түрде келесi құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн-зейнеткерлiк куәлiктi;
      2) 3-топтағы мүгедектер үшiн-мүгедектігі туралы куәлiктi;
      3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалы аналар үшiн - көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен (келiсiм бойынша) анықтама.
      3. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" (Ә.Қ. Базарбаева), "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемелерi (Л.П. Векшина) қоғамдық жолаушылар көлiгiмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын кәсiпорындармен (бұдан әрi - Кәсiпорындар) (келiсiм бойынша) бірлесіп, қалаішілік жолаушылар бағыттарындағы жекеленген санаттағы жолаушы азаматтардың ағынына айына бiр рет мониторинг жүргізсін.
      4. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (Л.П. Векшина) "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әр Кәсіпорынның Екібастұз қаласындағы қалаішілік жолаушылар тасымалдарының жалпы көлеміндегі қатысу үлесі туралы пайыздық қатынаста мәлімет берсін.
      5. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева):
      1) азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызметті өтеу туралы Кәсіпорындармен келісімшарт жасасын;
      2) осы қаулының 4-тармағына сәйкес әр Кәсіпорынның қатысу үлесі туралы ұсынылған мәлімет бойынша Кәсіпорындарға азаматтардың жекеленген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу үшін есеп айырысу жасасын;
      3) осы қаулының 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген есеп айырысу негізінде Кәсіпорындарға шығынды өтеуді жүргізсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасарлары Ғ.А. Оспанқұловқа және Н.В. Дычкоға жүктелсiн.

      Екiбастұз қаласының әкiмi                  А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады