Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" N 101/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 355/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 08 маусымда N 12-3-298 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 24/1-23/88 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына37-бабының 1, 7-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессиясы) " 2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 342/31 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" N 101/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-292 тіркелген, 2011 жылғы 3 наурыздағы N 9 "Отарқа" және 2011 жылғы 4 наурыздағы N 10 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
      3-тармағының 5) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандар үшін Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай қосымша біржолғы материалдық көмек;";
      4-тармағының 3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандарға Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады