Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 07 шілдедегі N 106 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 шілдеде N 12-4-102 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 06 қыркүйектегі N 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 06.09.2013 N 224 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуды қажет ететін мүгедектерді квоталанған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

            Аудан әкімі                          Ж. Қожанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады