Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 03.09.2013 N 280/09 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектерге 3 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Рахимова С.Ф.) мүгедектердің жұмыс тандауына ықпал етіп, жұмысқа орналасуға жолдама берсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Әйткенов