Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі "2011 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 168/2 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 478/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 12-7-130 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 95/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.03.19 N 95/1 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Ертіс аудандық мәслихатының (IV сайланған XXXII сессиясы) 2010 жылдың 22 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 196-32-4 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәурдегі "2011 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 168/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік Реестрінде 2011 жылғы 22 мамырдағы N 12-7-119 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымдағы N 44 "Ертіс нұры" мен N 45 "Иртыш" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
      2–тармақтың 28) тармақшасына:
      "отбасыларға," деген сөзден кейін "1 топтағы" деген сөзбен толықтырылсын;
      "қатысушыларына" деген сөзден кейін "және оларға теңестірілген тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармағының 27) тармақшасындағы "16" саны "19" санымен ауыстырылсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 19 қазандағы "Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі "2011 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 168/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 431/7 қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады