Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 110/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 сәуірде N 12-8-109 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 191/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012.04.18 N 191/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін және жұмыс іздеуде қиындық көретін мүгедектерге қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қаулыны қабылдау уақытына ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейтін мүгедектер бекітілген квотаға енгізілген деп есептелсін.
      4. "Качир ауданының жұмспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Качир ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
N 110/3 қаулысына   
қосымша       

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі

N р\с Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі Жұмыс орындарының жалпы саны Жұмыс орындары жалпы санының 3% квотасы

1.

Качир ауданының орталық кітапханалық жүйесі

25

1

2.

"Балалық жастар спорттық мектебі" КМҚК

37

1

3.

"Качир N 11 кәсіптік лицейі" ММ

65

2

4.

"Качир аудандық орталық  ауруханасы" КМҚК

166

5

5.

"Качирдың туберкулезге қарсы ауруханасы" ММ

41

1

6.

"Качир аудандық мәдениет Үйі" МҚК

84

2

7.

"А.Н. Елгин атындағы Качир N 1 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ

95

3

8.

"Сарсенбинов" ШҚ

25

1

9.

"А.С. Текенов атындағы Качир N 2 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ

99

3

10.

"Ивановское" ЖШС

132

4

11.

"Племцентр "Песчанский" ЖШС

37

1

12.

"Качирский ПДУ" ЖШС фирмасы

20

1

13.

"Қ. Оспанова атындағы Качир N 3 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ

75

2

14.

"Теренколь-Су" МҚК

24

1


БАРЛЫҒЫ:

925

28

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады