Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 21.11.2013 N 2/24 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Ахметов
Аудандық мәслихатының хатшысы А. Тәңірбергенов
Май аудандық мәслихатының
(ІV шақырылған ХLІV сессиясы)
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
N 8/44 шешіміне
қосымша
Тіркелген салықтың ставкалары
N р/с | Кәсіпкерлік қызмет түрлері | Салық үшін 1 объектіге бекітілген салық ставкасы (Айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын жолы |
5 |
4 |
Карт |
2 |