Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. 2012 жылдың қаңтар–наурыз айларында Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған, тіркеу жылында 17 жасқа толған ер жынысты, сонымен қатар жасы үлкен бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
3. Аудан әкімінің осы шешімі бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев
КЕЛІСІЛГЕН:
«Жамбыл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Асқаров