Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы N 143 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 маусымда N 13-9-134 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы N 325 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011.10.06 N 325 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабы 4-тармағына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін іске қосуын жүзеге асырсын.
      3. Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісімдерді жасау уәкілетті органға жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Бәкіровке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Бубенко

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 143 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қалауын білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органға ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын, өтінімді берудің мерзіміне соңғы айда төлемдер бойынша берешектің жоқтығы жөніндегі салық комитетінен анықтаманы қосып, еңбек төлеу мөлшерін белгілеп еркін нысанда өтінім береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді таңдауда Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: бюджетке төлемдер бойынша берешектің болмауы, жұмыс беруші ұсынатын жалақы мөлшері, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсынудың мүмкіндігі.
      3. Іріктеуді өткен Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімді берген күннен бастап он жұмыс күні ағымында келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрлері, еңбекті төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері, бағытталатын жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болып табылады және оны ұйымдастыруға тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданыла алмайды.
      4. Нысаналы топтағы халықтың санынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызу үшін бағыттау Уәкілетті орган жұмыссыздардың келісімімен келісім-шартты жасаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      5. Жұмыс беруші бағытталған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту мерзімі келісім-шартпен анықталады.
      6. Жұмыс берушілер бюджет қаражатынан еңбекті төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін ай сайын есепті айдан кейін айдың 5 күніне дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есепке алу табелі мен атқарылған жұмыстардың актісін ұсынады.
      7. Осы нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады