"Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы N 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 40/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 ақпанда N 13-10-150 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/4 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" N 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 99-IV (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13-10-81 бойынша 2009 жылғы 17 сәуірден тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы № 20 "Знамя труда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес 2008 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкалары 4 қосымша бойынша белгілеу";

      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      О. Бикина А. Қошанов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Мамлют аудандық бойынша

      Салық баскармасы"

      мемлекеттік мекемесі бастығы

      С. Жансейітов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Мамлют аудандық

      экономика және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі бастығы

      Р. Ғаббасов

  Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 40/2 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың ай сайынғы ставка
мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы


Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы


Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер


Ойын жолы


Карт


Бильярд үстелі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады