2012 жылғы Тимирязев ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 325 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қаңтарда N 13-12-139 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 15.02.2013 N 27 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі 2012 жылға белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жастар
      2) 50 жастан жоғары тұлғалар
      3) бір жылдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар
      2. «2011 жылға Тимирязев ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін анықтау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 109 қаулы күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 12 мамырдағы № 13-12-126 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 21 мамырдағы № 23 «Көтерілген тың», 2011 жылғы 21 мамырдағы № 23 «Нива» газеттерінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкіміҚ. Қасенов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады